Ливиядағы құл базары БҰҰ Бас хатшысының наразылығын туғызды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ливиядағы мигранттарды сату жөніндегі хабарламаға байланысты наразылығын білдірді.
Ол заңсыз мигранттарды құл ретінде сатып жатқан аукционның видеосына сүйенді, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.
«Біздің әлемімізде құлдыққа орын жоқ. Адам құқығын бұзатын мұндай жан төзгісіз әрекеттер адамгершілікке қарсы қылмыс ретінде бағалануы мүмкін», — деді БҰҰ Бас хатшысы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде журналистерге берген сұхбатында.
Ол мемлекетті БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын ұмытпауға және оның барлық талаптарын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ қазіргі заманғы құлдық түрлерімен күресте бірігуге шақырды.
Бұған дейін америкалық CNN арнасы Ливия базарында Еуропаға өтуге әрекет жасаған заңсыз келімсектердің құл ретінде сатылып жатқан видеосын жариялаған болатын. Олардың біреуі шамамен 400 долларға ауыл шаруашылықтарында жұмыс істету мақсатында сатылған.Inform.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: