Димаш Құдайбергенді америкалық жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды

Әлемдік турнеге аттанған Димаш Құдайберген АҚШ-қа келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасай отырып.
Америкалық фанаттар Димашты Лос-Анджелес әуежайында ыстық ықыласпен қарсы алды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 19-23 қараша аралығында Лос-Анджелесте Қазақстан мәдениет және кино күндері өтеді. Олардың мақсаты — америкалық көрермендерге республиканың бай ұлттық-мәдени құндылықтарын таныстыру.

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: