Ақтөбе облысында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 23,5%-ға азайды

Фото: mvdlnr.ru

Осы жылдың 10 айында Ақтөбе облысында тіркеуге алынған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 23,5 %-ға азайып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс прокурорларының есебінше, құқық бұзушылықтар саны шамамен 15 мыңнан 11,3 мыңға кеміген. Оның ішінде ауырлығы орташа қылмыстар 26,9 %-ға, онша ауыр емес қылмыстар 21,6 %-ға, ауыр санаттағы қылмыстар 5,6 %-ға азайған.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: