Ақтөбе қаласының кәсіпорындары жыл басталғалы шамамен 400 млрд. теңгенің өнімін өндірді

express-k.kz

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары 394 млрд. теңгенің өнімін шығарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Нақты көлем индексі 105% көрсетіп тұр.

Қала басшысы Ілияс Испановтың есебінше, 2017 жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар мөлшері 103,6 млрд. теңгеге жеткен.

«Облыс орталығында агроөнеркәсіптік кешен қарқынды дамып келеді. 10 айда ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 18,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ал, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде 13 инвестжоба жүзеге асырылуда, жалпы сомасы 10,8 млрд. теңге», — дейді Испанов.

Сонымен қатар, қала абсшысының айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау Картасынан тыс 12 инвестжоба жүргізілуде, оның жалпы сомасы 19,5 млрд. теңге. Оның ішінде 5 жоба іске қосылды, 530 жаңа жұмыс орындары құрылды.

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: