Бердібек Сапарбаев Челябинскі облысында өтіп жатқан аймақаралық форумға қатысып жатыр

365Info

Ақтөбе облысының басшысы осы күндері іссапармен Ресейдің Челябі облысында жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Азаттықтың» хабарлауынша, ол жақта Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесіп, екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылайды.

«Екі президент те кейінірек жыл сайын өтетін аймақаралық форумға қатысады. Ресей мен Қазақстанның осымен 14-рет өткізілетін аймақаралық форумына министрлер, облыс басшылары мен екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысады», — деп жазады «Азаттық».

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме жасау жоспарланып отыр.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз