Ақтөбеліктер енді коммуналдық төлемдерді бір түбіртекпен төлейтін болады

Қала басшысы Ілияс Испанов «Бірыңғай төлем құжаты» жобасын таныстырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тұрғындар өз пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын, төлемдердің қалай жұмсалғанын білуге мүмкіндік алады, сондай-ақ әкімдікке электрондық түрде өтінішін жолдай алады. Болашақта жақын маңдағы қонақ үйлер, аялдамалар мен автобус маршруттары жөніндегі ақпараттарды көрсететін сервистерді кеңейту жоспарланған.

Е-сервистер департаментінің директоры Сүйеніш Әбділдиннің айтуына қарағанда, бұл жүйе Ақтөбе тұрғындары үшін тиімді.

Абоненттер әр компаниядан бірнеше түбіртек алмайды, оның орнына бар болғаны бір құжат беріледі, сондай-ақ комиссиялық ақы да бір түбіртек үшін төленеді, бұл дегеніміз берешекті төлеуде ақшамыз бен уақытымызды үнемдейді. Өз кезегінде коммуналдық қызметтердің шот-хабарламаларды жасауға, басып шығаруға, жеткізуге және көптеген процестерді сүйемелдеуге жұмсалатын шығындары азаяды.

Жоба қаланың басты бөлігінде іске қосылды. Қаланы толықтай жақын арада қамтымақ. Бірыңғай түбіртекте қаланың негізгі коммуналдық қызметтері бойынша берешектер топтастырылған, алдағы уақытта қалған қызметтерді де қосу жоспарланып отыр. Қазпошта бөлімшелерінде төлегендер үшін комиссия – 150 теңге, ал зейнеркерлерге 50 тенге.

Бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдық төлемдерді Қазпошта бөлімшелерінде, post.kz(комиссиясыз) порталы және Kaspi Bank сервистері арқылы төлеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: