Ақтөбеде күш құрылымдары жүргізген арнайы операция тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

Көрнекі сурет. KazAnalytics.kz

Ақтөбе тұрғындарын күш құрылымдары өткізген арнайы операция шошытты. Беттеріне маска киіп, қару асынғандар қаладағы сауда орталығын қоршап алған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Видеода микроавтобустағы арнайы жасақ қаланың ескі бөлігіне тоқтап, «Астана» сауда орталығын қоршап алады. Бұл қаланың ең адам көр жүретін бөлігі. Маска киген қарулы әскерилерді көрген жүргізушілер мен сауда орталығында жүргендер қатты үрейленген.

Кейіннен әкімдіктің Instagram парақшасында халықты сабырға шақырып, ұрланған техникаларды сататындар үстінен шағым түскен соң, арнайы жүргізілген операция екенін түсіндірді.

Ақтөбе облысы ІІБ баспасөз -қызметі аталған оқиғадан бейхабар болып шықты.

«Аталған оқиға жөнінде хабардар емеспін. БАҚ өкілдеріне барлық ақпаратты бір тәулік ішінде береміз», – деп хабарлаған Ақтөбе облысы ІІБ баспасөз хатшысы Нұргүл Қонақбаева.

Атап өтсек, видеокадрда сауда орталығынан қылмыскер ретінде шыққан сатушылардың беті анық көрінеді. Егер оларға деген күдік расталатын болса, қандай жаза болатынын полиция әлі хабарламады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: