Ақтөбелік діндарлар бір-бірін Рухани келісім күнімен құттықтады

Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда Рухани келісімнің бүкіләлемдік конгресінің бірінші сессиясы өтті. Содан бері 18 қазанда Рухани келісім күні атап өтіледі.

Ақтөбеде оннан астам конфессия өкілі «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығында бас қосып, бірін-бірі бүгінгі мерекелерімен құттықтады.

Шара барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов татулықтың басты орында екенін айта келе, ауызбіршіліктің қажет екенін түсіндірді.

Сонымен бірге, басқарма басшысының бастамасымен «Жарық» орталығының маңында конфессия өкілдері талдар отырғызды.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: