«Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында жарық мәселесі шешілетін болды.

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданының тұрғындарының жарық мәселесін шешу мақсатында жалпы көлемі 3,5 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба қарастырылуда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аталмыш аудан бойынша электрмен жабдықтаудың сапасын арттыру және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылға арналған ірі жобалар ұсынылып, қазіргі сәтте қарастырылуда. Олар:

— «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы қазандықты кеңейту;

— Ақтөбе қаласы «Ақтөбе сити» шағын ауданында «Восточная» ПС 110/10 кВ құрылысымен ВЛ—110 кВ сыртқы алаңда электрмен қамту желілерін салу;

— Ақтөбе қаласының «Ақжар-2» 220/110/35/10 қосалқы станциясын кеңейту;

Ұсынылған жобалар шешімін тауып жатса, жарық мәселесі болмайтыны туралы Ақтөбе қаласының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов хабарлады.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: