Ақтөбе облысында көмір тапшылығы сезіледі

Ақтөбе облысының әлеуметтік нысандары қатты отынмен түгел қамтылғанымен, халық пайдаланатын мөлшерде көмір толығымен жеткізілмеген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жылу маусымына байланысты әлеуметтік нысандар көмірмен толық қамтамасыз етілді. Қорда 38 мың тонна көмір бар. Дегенмен, халыққа қажетті отын жеткіліксіз. Бар болғаны 20 пайызы жеткізілген.

«Қалған қажетті отын Павлодар, Қарағанды облыстарынан тасымалданады. Облыс әкімі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып, карьерлерге тапсырмалар берілді», — деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Мұздыбаев Ержан.

Бәсекелестікке қарсы құрылымдар көмір бағасын қадағалағанымен нарықтағы бағасы тоннасына 13-15 мың теңге аралығында. Ақтөбе, Астана, Орал қалаларында көмір қымбат. Мамандар оған жергілікті алыпсатарларды кінәлайды.

Пікір қалдырыңыз