Димаштың анасы Света Айтбаева: Бердібек ағамыз өнер адамдарын қадірлей біледі

Ақтөбенің әйгілі әншісі Светлана Айтбаеваның айтуынша, концерттерден кейін өнер адамдарына үнемі алғыс айтып кететін Бердібек Сапарбаев аудан, ауыл басшыларына үлгі болуы керек.

«Бердібек Мəшбекұлы. Мен бұл кісіні ең алдымен тынымсыз еңбекқорлығы үшін өте қадірлеймін.Тіпті, кейде шаршап, жұмысымды ысыра салайын деп ойлаймын да, Бердібек ағамыздың күн-түн демей, ыстық-суыққа қарамай жүретіні есіме түсіп, ойымды өзгерте қоямын. Бүгінгі күні Ақтөбедегі бой тіреген жаңа нысандарда осы кісінің қолтаңбасы қалды, себебі, əр кірпішінің қаланғанынан бастап,терезесінің жапқышына дейін өзі ерекше бақылады. Қасында жүріп, соған куə болдым. Бағыттап отырып, тəрбиелей біледі. Көп нәрсені ескере бермейтін біздер үшін Бердібек ағамыз кейде маған шеберлік сағатын өткізіп тұрған мұғалім секілді көрінеді», — деді әнші өзінің Instagram парақшасында.

Ол Сапарбаевтың өнер адамын қадірлей алатын қасиетіне риза болғанын жазды. Айтуынша, жауапты концерттерден кейін облыс басшысы міндетті түрде өнер ұжымдарына алғыс айтып кетеді.

«Облыс басшысының осы қасиеті өзге талайларға, өзіміздің аудан, ауылдарды басқарып отырған азаматтарға да үлгі болуы керек деп ойлаймын. (Еш демалыссыз жұмыс жасайтын әртістер үшін ауадай қажет нәрсе – ең алдымен, жылы сөз ғана!). Спектакль, концерттерден ешқашан қалмайтын көрермені де өзі. Соның бəріне уақытын қалай жеткізеді екен десеңізші! «Ақыны əкімін іздесе, көргені елдің сор болар,ƏКІМІ АҚЫНЫН іздесе – ертеңі елдің зор болар!» деген екен бір мықты.(Айтпақшы, ол мықты – көршім). Жұбановтарды дəріптеген, өнерді қадірлеген, ақыны мен əншісін іздейтін Басшысы бар, Ақтөбе дейтін еліміз бар, шүкір!», — деді Светлана Айтбаева.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: