Қар түскенде де Ақтөбеде құбыр жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Ақтөбеде жылу құбыры әлі жөнделіп жатыр. Жөндеу жұмыстары Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен жасалуда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауа райына байланысты биыл жылу 1 қазаннан бастап берілді. Әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беріліп жатыр. Дегенмен, жөндеу жұмыстары күзде басталған нысандар да бар. Мәселен, ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 291-1, 289, 298-1 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су 17 қазанда берілуі мүмкін. Хабарландыруды естіген тұрғындар шағымданды.

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің шешімімен жылу беріліп жатыр. Бірақ «Трансэнерго» АҚ 3-17 қазан аралығында жылу құбыры жөнделеді деп хабарлама таратты. Жылу құбыры жөнделіп, ыстық су да тоқтатылады. Неге күз келгенде, салқын түскенде жөндеу жүргізілуі керек. Біз жазда хабарлап, №17 мектептің жанынан бу шыққанын айтып, дабыл қаққан едік. Ал қазір сол жерде жөндеу басталды», — деп шағым айтты тұрғындар.

«Трансэнерго» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу жүйесін жөндеуге Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі тапсырыс беріп, жөндеуді «Қазтеплоэнергомонтаж» ЖШС жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: