Ақтөбедегі медициналық кластер жылына 80 миллион теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді – Әсет Қалиев

фото: Times.kz

Ақтөбеде құрылған медициналық кластер кезінде емдеу мекемесінің әкімшілік бөлімі оңтайландырылды. Барлығы 28 миллион теңге үнемделді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі медициналық кластер кезінде үш аурухана бірікті. Нәтижесінде әкімшілік жұмыстағы қызметкерлердің 11,5 пайызын басқа емдеу орталықтарына ауыстырылды.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, 28 миллион теңге үнемтелді. Алдын ала болжам бойынша жылына 80 миллион теңгеге дейін үнемделуі мүмкін.

«Үнемделген қаржы медицинаның негізгі салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Қазір біздің Ақтөбе медицина орталығы жоғары технологиямен жабдықталған. АҚШ, Оңтүстік Корея, Израиль, Ресей, Түркия елдерінің медицинасымен тығыз байланысты жұмыс істеп жатырмыз. Ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, жаңа салалар жетілдіріліп жатыр. Кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысы жүргізіледі», — деді Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбе медициналық орталығы 426 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсете алады.

Аймұрат Кенжебай, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: