Ақтөбеде латын графикалық жүйесіне көшу мәселесі талқыланады

vlast.kz

Қыркүйек айының 18-22 аралығындаАқтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес,  латын графикалық жүйесіне көшу барысын талқыламақ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласында орыстілді азаматтарға арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өтеді деп жоспарланған.

Шараға белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы, қоғам және мемлекет қайраткері, республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева қатысады.

Аталған жобаның мақсаты– Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің  арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеріп,  қазақстандық жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы жетістіктері жайында сөз қозғау, пікір алмасу.

Осы жобаға этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес, қоғамдық-саяси, жастар ұйымдары өкілдері, халыққа қызмет көрсету саласы, білім, денсаулық, банк секторы, әскери сала, құқық қорғау органдары  өкілдері атсалыспақ.

Аягөз Бөкенбайқызы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: