Жұмысшысын жалақы төлемей жарты жыл сенделткен ақтөбелік кәсіпкер айыппұл төлейтін болды

vlast.kz

 

Ақтөбеде еңбек заңнамасын орындамаған жұмыс беруші жауапқа тартылды. Ойыл аудандық сотында еңбек дауына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шаруа қожалығының иесі жұмысшысына 14 ақпан — 14 тамыз аралығы көк тиын төлемеген.

Сот қаулысымен жұмыс берушіге 140 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: