Дін істері министрлігі хиджабтағы оқушылардың шуына қатысты пікір білдірді

Соңғы күндері еліміздің әр өңірінде мектепке ақ орамал тағып келіп, білім ошағына кіре алмай қалған оқушылардың дауы ушығып барады. Осыған орай NUR.KZ порталы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне арнайы сауалнама жолдаған еді. Яғни, «оқушылардың мектеп қабырғасында ақ орамал тағып, ұзын кең етекті көйлекпен немесе хиджаппен келуіне бола ма?» деген сауалға дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов жауап берді.

Хиджаб таққан оқушы. Көрнекі сурет. Фото: rufabula.com

Білім және ғылым министрілгінің мектеп формасына қатысты №26 бұйрығы бар. Оның ішінде білім алушылар мен олардың ата-аналары мектеп формасын сақтау және қамтамасыз етуге міндеттілігі анық жазылған. Сондай-ақ «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабының 5-тармағында ешкімнің өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстанның Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқы жоқ.

Мәселен, бала мектепке еркін киім үлгісімен, сәнді немесе спорттық киімдермен, жарқыраған әшекей бұйымдармен келе алмайды. «Форма» ұғымы соның бәрін реттейді. Бұған қоса талаптардың 13-тармағында мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтыны атап көрсетілген. Бұл мектепте хиджаб киюге үзілді-кесілді тыйым салынатынын білдіреді.

Осы аталғандардың барлығы заң талабы, мемлекет басшысының шешімі болып табылады. Ислам шариғаты тұрғысынан алғанда, заңға және басшыға мойынсұну міндетті. Ал оларға қарсы шығу исламда бүлік шығарушылық ретінде айыпталады. Құранда «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә» деген аят бар («Бақара» сүресі, 191-аят).

Сондықтан мектептегі хиджаб мәселесін көтеруші азаматтарға сенім бостандығына мүмкіндік беретін заңға және басшыға бағынудың әрі азаматтық міндет, әрі мұсылмандық парыз екенін түсінгендері жөн», — деп жауап берді Тұрар Әбуов.

Дереккөз: NUR.KZ

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: