Ақшасына жұмысқа тұрғызып берем деп ант-су ішкен Ақтөбе тұрғыны алаяқ болып шықты

Ақтөбе тұрғыны үш адамнан ақша алып, көрші облысқа вахталық әдіспен жұмысқа тұрғызып берем деп сендірген.

Жалақысы жоғары жұмысты күте-күте шаршаған үшеудің бірінің шыдамы таусылып полицияға шағымданады.

«40 жастағы тұрғын 30 мың теңгесін беріп жіберген. Не жұмыс жоқ, не ақшасын қайтара алмаған ол алданғанын кейін түсінеді», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.

29 жастағы күдікті бұрын да тәртіп сақшыларының назарына іліккен екен. Тіпті бұлтартпау шарасы қолған болып шықты.

Бүгінде оған қатысты «алаяқ» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: