Ақтөбе облысында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының жаңа құрамы бекітілді

Ақтөбеде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының жаңа құрамы бекітілді. Оған зиялы қауым өкілдері, мүфтият, қоғамдық бірлестік өкілдері, т.б. кірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Топ діни тұтастықты сақтау және нығайту, діни сауатты арттыруға және экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ақпараттындыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құрылған.

Жалпы, Ақтөбе облысында 14 түсіндіру тобы бар. Жыл басынан бері теріс ағымда жүрген 300 адам дәстүрлі дінге қайтарылды. 30 теолог жұмыс істеді. Экстремизмге қатысты 163 материал анықталған.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетовтың айтуынша, өңір тұрғындарының басым бөлігі өздерін мұсылман санайды, әрбір үшіншісі діни жоралғыларды орындайды. Атеистер үлесі 3 пайыздан 1,7 пайызға азайған.

Жиында қабылданғалы отырған заң жобасы мен жаңа тұжырымдама талқыланды.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: