Ерке Есмаханның клипі 20 миллион рет қаралып, тағы да рекорд орнатты

dailymotion.com

Аз ғана уақыттың ішінде хитке айналып үлгерген Еркенің “Қайда?” әні тағы да рекорд орнатты. Аталған әнге таспаланған бейнебаян 20 миллион рет қаралып, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қуанышты жаңалығымен желіде Еркенің өзі бөлісті.

“Қайырлы таң! 2 жарым айдан аса “Қайда?” бейнебаяны осындай көрсеткішке жетті! 20 миллион.️ “Еңбек — бәрін жеңбек” – деген осы шығар! Мен бұл жетістікке көп жылдар еңбек еттім, құладым, құлатты, қайтып тұрып жүгірдім, жүрдім! Құдайға шүкір! Бәрі қайырымен, абыроймен болсын! Мәләдессің, Ерке! Рекорд. Осы жұмысқа қатысы бар жандардың барлығына раxмет!” – деп жазды Ерке.

Өз кезегінде желідегілер әншіні жаңа жетістігімен құттықтап жатыр. Арасында әншіні “мақтаншақ” деп сынағандар да бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: