«Арселор Миттал Теміртау» шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды

«Арселор Миттал Теміртау» шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілер қаза тапқандар туралы мәлімет берді:

1. Ахметжанов Рустам Ренатұлы, 23.03.1983 жылы туған, үйленген, 3 баласы бар.

2. Руденко Валерий Валентинович, 18.05.1980 жылы туған, үйленген, 2 баласы бар.

3. Шебанов Максим Сергеевич, 24.05.1986 гжылы туған, үйленген, 1 баласы бар.

«2017 жылдың 31 тамызында сағат 4:21-де Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Казахстанская» шахтасындағы 332 Д6-з № 1 вентиляциялық түйілісінде кенеттен көмір мен газ атқылады. Оқиға кезінде шахтада 136 адам болған, олардың үшеуі апаттық өндіруде болған. 5:35-те щахта жұмысшылары тіршілік белгілерінсіз үш ер адамның мәйітін тапты», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігіне қарасты Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік Комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген апат-құтқару қызметі» РМК-нің 60 адамы мен 9 дана техникасы бар 7 бөлімшесі жұмысқа тартылғаны айтылады. 7:00-де қаза тапқандардың денесін жер бетіне алып шығу жұмыстары жүргізілген. 7:05-те шахтаның барлық 130 адамы жоғары шығарылған, қалған апат-құтқару жұмыстарын жүргізген үш адам қалған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: