Бразилияда өтетін шахмат сайысында Қазақстанның намысын «Ақтөбенің Каспаровы» қорғайды

фото: Avestnik.kz

Ақтөбелік Алан Петухов Бразилияда өтетін шахмат сайысына аттанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгінде ол 8 жасқа дейінгі балалар арасындағы шахмат ойындары бойынша Қазақстанның 3 дүркін чемпионы.

Анасы Оксана Янушевичтің айтуынша, туған атасы 3-4 жасында-ақ шахмат ойындарын Аланның бойына сіңірген.

«5 жасында шахмат ойнайтын адам іздеп, маза бермейтін. Қабілетін байқаған соң, шахмат мектебіне апарып жүрміз. Баламыз Ақтөбедегі №11 мектепте оқиды. Футбол ойнағанды жақсы көреді, әңгімелескенді ұнатады. Онлайн шахматқа әуес болып жүр», — дейді анасы.

Таяуда Алғада өткен «Ақ бидай» фестивалінде балақай спорттағы жетістіктері үшін марапатталды.

«Біздің жаттықтырушымыз Қуанышқали Ернияшев бар ынтасымен үйретеді. Бүгінде Алан шахмат мектебінде тегін оқиды. Жарыстарға барғанда облыстық спорт басқармасы мен шахмат федерациясы қолдау танытады», — дейді «ақтөбелік Каспаровтың» анасы.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: