Ақтөбеде 15 өнер ұжымы жаңадан салынып жатқан Жастар сарайына көшіріледі

Ақтөбедегі өнер ұжымдарының дені «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы салып жатқан жаңа Жастар сарайына көшіріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Асқар Маминге облыс басшысы Бердібек Сапарбаев айтып берді.

Облыс әкімінің хабарлауынша, Жастар сарайының ішінде қысқы бақ болады. Сонымен бірге, өңірдегі ең үлкен, 1200 көрерменге лайықталған сахна осы ғимаратта болады.

«Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының орталарына дейін аяқталады. Нысанның жалпы ауданы 11 мың шаршы метр. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дизайнерді Алматы қаласынан шақырттық», — деді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, Ақтөбедегі нысандардың дені демеушілердің қаражатына салынып жатыр.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы Жастар сарайының құрылысына 1,3 млрд теңге бөлді. Облыстық бюджеттен сарайға жабдықтар алу үшін 300 млн теңге қарастырылған. Жаңа нысанда үлкен концерттер өткізуге болады. Көрме, қойылым секілді өзге де мәдени шараларға орын жеткілікті, — деді облыс басшысы.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: