Қырғызстанда президент сайлауына түсуге 59 адам өтініш берді

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы, Бішкек.

Қырғызстанда 31 шілдеде президент сайлауына түсуге өтініш беру аяқталып, президент сайлауына қатысқысы келетіндер саны 59-ға жетті.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, 31 шілдедегі мәлімет бойынша саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам ұсынылған, өзін өзі ұсынғандар саны — 48 адам. Өзін-өзі ұсынғандардың ішінде «Ата Мекен» партиясының жетекшісі, коррупциялық айып тағылып, қамауда отырған Омурбек Текебаев пен экс-депутат Садыр Жапаров бар.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

ОСК президенттікке кандидаттардың түпкілікті тізімін 10 қыркүйекте шығарады.

Аzattyq.org

Пікір қалдырыңыз