Қарамағындағыларды ғаламторға «күштеп» шығарған Сапарбаевтың өзі әлеуметтік желілерде отыра ма?

kapital.kz

Ақтөбе облысының әкімі қарамағындағы шенділердің барлығы бірдей әлеуметтік желілерге шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Сапарбаевтың пайымынша, аудан әкімдері мен басқарма басшылары жетекшілерінің барлығы бір кісідей ғаламтордағы өмірден хабардар болулары керек.

«Өзім де таң атпай әлеуметтік желілерде не болып жатқанын қадағалап отырамын. Кешегіде Байғанин ауданындағы мәселе сөз болды. Жалпы, аудан басшылары да өзара байланыста болулары керек деп санаймын. Мәселен, Мұғалжар немесе Ырғыз ауданы өзге өңірлерде болып жатқан жақсы дүниелерден хабардар болса, әрі оны өздерінде жүзеге асырса, жақсы емес пе?!», — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы тегіннен емес. Сондықтан заманауи мүмкіндіктерді пайдалану керек.

Айта кетейік, бүгінде жергілікті халық мәселесін шешу үшін құзырлы орындардан гөрі олардың ғаламтордағы парақшаларына жүгінуге дағдыланды. Қала басшысы Ілияс Испановтың ақпараттық тобы бұл ретте ерекше белсенділікпен жұмыс істеп келеді.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: