Ақтөбе облысының Алға қаласында зираттардың бірінің үстіне адам көміп кеткен

islamnews.kz

Алға қаласының маңындағы зираттардың бірінің үстіне әйел адамды көміп кеткен. Сенімді дереккөздер кеше кеш мезгілінде қорым басында полиция қызметкерлері жүргенін хабарлайды. Сонымен бірге, жедел жәрдем көлігі байқалған.

Зираттың ортасын қазып, адамды көмгені белгілі болды.

«Көмгенде де, барлық жоралғысымен, орап, арулап, басын құбылаға қаратып көміп кеткен. Шамамен, көктем айларында жерленген болу керек, денесі ыдырай бастапты. Мәйіттің әйел адамға тиесілі екені белгілі. Жас шамасы, қандай адам, кім екені енді анықталады», — деп хабарлады Aktobenews.kz сайтына сенімді дереккөз.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: