Ақтөбеде әскериге барғысы келмейтін жастардан пара алған полковник істі болды

Ақтөбеде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы басшысы Ғалымжан Жантөринге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әскери сот қылмыстық істің пара алу бабымен жауапқа тартылған Жантөринге  2 миллион теңге түріндегі айыппұл салу жазасын тағайындады.

Полковниктің үстінен қылмыстық істің қозғалғанына бір жыл болды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрыңғы басшысы әскериге барудан бас тартқандарға көмектесіп отырған. Ол әскерге шақыруды кейін қалдыруды ұйымдастырып, бопсалау арқылы  екі адамнан 20 мың теңгеден алған.

Жантөрин осыған дейін 7 миллион теңге көлемінде кепілдік беру арқылы уақытша қамау абақтысынан босатылып, үй қамақта ауысқан болатын.
Сотталушы әскери атағынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленді.

Жантөрин алдағы уақытта мемлекеттік қызметте және құқық қорғау саласында  жұмыс жасау мүмкіндігінен айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: