Ақтөбеде пойыз терезесінен қоқыс лақтырған 13 адам жауапқа тартылды

pskovrail.ru

Ақтөбеде желілік полиция жолаушыларды тәртіп бұзбауға шақырған үш күндік акция өткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

20-22 маусым аралығында өткен «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» шарасы кезінде 32  әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

 «Акцияның негізгі мақсаты — азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халық арасында тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақыру. Шараның 3 күнінде 32 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде  қоғамдық орынды ластағандар, белгіленбеген жерде сауда жасағандар, жасөспірімдерді түнгі мезгілде ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз үйден тыс жерде алып жүргендер бар», — деп хабарлайды Ақтөбе станция ішкі істер желілік  бөлімінің ақпарат тобы.

Сонымен қатар, тәртіп бұзғандар қатарында темір жол бойының белгіленбеген жерімен өткендер және жолаушылар пойызында отырып, сыртқа қоқыс лақтырғандар бар. Ақтөбе станция ішкі істер желілік  бөлімі пойыз терезесінен қоқыс лактырған 13 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: