Ақтөбеде супермаркеттер желісінің иесі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға 3 бөлмелі пәтер алып берді

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік отбасыға 3 бөлмелі пәтерді супермаркеттер желісінің иесі, «Анвар» ЖШС директоры Талғат Салфиков алып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Он адамнан тұратын отбасы Махамбет ауданында тұрған, олардың үйі пайдалануға келмей қалды.

Өз кезегінде, Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, аудандар көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге көмек көрсету жөніндегі жұмысқа белсене қатысып отырғанын атап өтті.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: