Ақтөбеде ісін енді бастаған кәсіпкерлер «Bastau Бизнес» бағдарламасы бойынша өз жобаларын қорғайды

Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» бағдарламасы шеңберінде бизнес-жобаларды қарау бойынша облыстық комиссия отырысы басталды. 17-18 мамыр күндері Өңірлік кәсіпкерлік Палатасының кеңсесінде облыстың 6 ауданының тыңдаушылары өз жобаларын облыстық комиссияның алдында қорғайды. Комиссия құрамында мемлекеттік орган мен даму институттарының өкілдері бар.

фото: segodnya.ua

«Bastau Бизнес» бағдарламасының бірінші легінде 302 үміткер тестілеуден өтті», —  дейді «Bastau Бизнес» бағдарламасының үйлестірушісі – Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Бауыржан Дарқұлов.

Бірінші болып 17 мамыр күні облыстық комиссияның алдында Темір (35 адам), Мұғалжар (27 адам) және Ырғыз (14 адам) аудандарының тыңдаушылары жауап береді. Екінші күні 18 мамырда Мәртөк (15 адам), Ойыл (24 адам) және Шалқар (44 адам) аудандарының тыңдаушылары өз жобаларын қорғайды.

Сонымен қатар, басқа да қызмет салаларынанда көптеген қызықты жобалар болды. Мысалы, Ойыл ауданының тұрғыны Нұрлан Маханов балық өсіру бойынша жобасын іске асырғысы келеді. Жобаның құны 4,5 млн теңге. Айта кетейік, оның шаруа қожалығының аумағында тоған бар, онда кәсіпкер шабақ жіберіп балық өсіруді қалайды.

Ойыл ауданының тағы бір тұрғыны тайм-кафе немесе антикафе деп аталатын орынды аудан орталығынан ашуға ниетті. Осындай клубтық типтегі арнайы орындар бүгінгі күнде барынша өзекті және перспективалық бизнес идеялардың бірі. Жоба 2,5 млн теңгеге бағаланған.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: