Ақтөбеде өгей қыздарын сабаған ерлі-зайыптылар қол ұстасып мұнарадан секірді

7 жастағы қызды өлімші етіп сабаған өгей шешесі мен оның əкесі өздеріне қол жұмсады. Қурайлы ауылында биік мұнараның басынан секірген ерлі-зайыптылардың жасы отыздан асқан. Төбеге шығып, екі сағат бойы өмірмен қоштасып, секіретіндерін айтқандар полицияның тоқтау айтқанына құлақ аспаған.
фото: vestikavkaza
«102 телефонына 15:50 уақытында жасырын қоңырау түсті. Қурайлы елді-мекеніндегі мұнарада екі адамның өздеріне қол жұмсайтындықтары туралы айтқаны хабарланды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, ойларынан айнуға шақырды. Əйел адам мен ер адам кешкі сағат 17:40-та мұнарадан секіріп, алған жарақаттарынан көз жұмды», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
7 жастағы Кристина өгей шешесі белбеумен ұрып жатқанда əкесінің араша болмайтынын айтқан еді. Кішкентай қызды полиция ата-анасы шкафқа тығып қойған жерінен тапты.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптыларды өлімге итермелеген жағдайға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: