Ақтөбенің кәсіпкер әйелдері құрылысты да игере бастады

Ақтөбенің кәсіпкер әйелдері құрылыс жұмыстарын да игере бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағайымы Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, көбінесе әйел заты қызмет ету саласына шоғырланған. Дегенмен, құрылыс компаниясын құрып, тұрғын үй кешенін ұсына бастаған нәзік жандылар да жоқ емес.

Бүгінде Нұржамал Танкаева жетекшілік ететін құрылыс компаниясы қаланың экологиялық тұрғыда ең таза «Батыс-2» ауданында «Сконур» тұрғын үй кешенін салып жатыр.

«Басшымыз — әйел адам. Бизнесте жүргеніне 10 жылдан асады. Былтыр құрылыс компаниясын ашу туралы бастама көтерді. Бүгін көрмеге сол тұрғын үй кешенін таныстыру үшін келдік», — дейді компания өкілдері.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеде Іскер әйелдер кеңесінің Бизнес-форумы басталды. Шара аясында көрмелер ұйымдастырылып, бизнес-тренингтер өткізіледі.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: