Димаш Құдайбергеннің концертіне шетелдіктер алдын ала билет сатып алып жатыр

Димаш Құдайбергеннің 27 маусымда Астанада өтетін жеке концертіне қазақстандықтармен бірге шетелдік табынаушылары да билет сатып алып жатыр, деп хабарлайды «Tengrinews.kz» сайты.

Қазіргі кезде билеттердің 40 пайызы сатылып кеткен. Бұл туралы әншінің продюссері және досы Алпамыс Шаримов  Instagram желісіндегі парақшасында жазған.  Bastau концерті EXPO-2017 қарсаңында «Астана Аренада» болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: