Димаш туралы ақпараттың аздығына Қытайдағы жанкүйерлері алаңдаулы

20170414190849

Қытайдың «Singer» байқауында жұлдызы жанған Димаш Құдайбергеннің қытайлық фанаттары қазақстандық БАҚ-қа өкпе-назын білдірді. Олар Димаштың елге оралғанына бір апта өтсе де, әнші туралы жан-жақты жаңалықтар саны жеткіліксіз, Димаштың қайда, не істеп жүргенін білмей хабарсыз қалдық деп ренжулі. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

Ғаламторда «Димаштың Қытайда тағы біраз қалғаны дұрыс еді» атты форум ашылып әншінің қытайлық жанкүйерлері онда осы тақырып бойынша өз пікірлерін жазды. Желі қолданушылары Димаштың танымалдылығы бәсеңдеп қалмаса игі еді деп болашағына алаңдаушылық білдірді.

«Қытайда қазақстандық және қытайлық жанкүйерлер Димаш туралы ақпараттарды дер кезінде біліп отырды. Ал Қазақстанда қытай түгілі, қазақ жанкүйерлердің өзі Димаштың не істеп жүргенін білмейді. Жалпы алғанда, Қытайдың ақпарат тарату әлеуетінің Қазақстаннан күшті екенін осыдан білуге болады», — деп жазды love2015season есімді қолданушы.

«Бұл екі елдің шоу-бизнесінің жер мен көктей айырмашылығын білдіреді. Қазақстанның шоу бизнесі Қытайдағыдай жолға қойылмаған, ондағы «Dears» (Димаштың жанкүйерлері) саны аз. Димаш елге оралғанда мемлекеттік деңгейде жақсы қарсы алып еді, бірақ одан кейін бір апта өтті, еш хабар жоқ», — деп жазды Dryad есімді қолданушы және ол: «Димаш енді ғана танылып келеді, егер ол бір апта бойы жұрт назарынан тыс қалса, осыған дейін жинаған атақ-абыройы жоғалып кетуі мүмкін. Тұтас бір апта бойы жаңалық лентасында көрінбеген жұлдызды фанаттар күтіп отырады деймісің? Олардың назарын басқа жұлдыздар аударып әкетеді. Осыған менеджерлер көңіл бөлуі тиіс», — деп өз сөзін толықтырды.

20170501162127

Өзін LL деп таныстырған қолданушы қазақстандық фанаттардың да алаңдап отырғанын жеткізді:  Ха-ха,  мына суретті көріп күлдім. Қытайлық фанаттар ғана хабарсыз қалды десем, қазақстандық фанаттардың да жағдайы мәз емес екен.

«Қазақстанда Димаштың жүріс-тұрысы, киімі, танылуы, имиджімен айналысатын команда жоқ секілді. Бар болса да, Қытайдағыдай болмайтын тәрізді», — деп жазды Dryad. Оған қолданушы momowx77 жауап берді: «Мүмкін, солай болар. Димаштың ата-анасы өз сұхбаттарында Димаштың фан-парақшасы жоқ екенін, тек өздерінің парақшасында ғана ақпарат жарияланатынын айтқан еді».

Dryad: Қытайлық жұлдыздардың күн тәртібі бірнеше ай бұрын белгіленіп, жаңалықтар жоспарлы түрде уақытымен шығып отырады. Ал Қазақстанда Димаштың жұмыс кестесі жоқ секілді. Бір апта бойы Димаш туралы елең еткізер ақпарат көрмедік, — деп сынға алды.

Айта кетейік, Қытайда жанкүйерлік мәдениет жақсы дамыған. 2000 жылдары оңтүстік-шығыс Азияға әйгілі анші, актер Лиу Де Хоамен кездесу үшін қытайлық қыз өз баспанасын сатып, Гонконгқа барған және бұл қадамға ешқашан өкінбейтінін, кумиріммен жүздессем деген арманының орындалғанын айтқан. Димашты да қытайлық жанкүйерлері таң қалдырудан жалықпады. «Мәңгі сүйіп өтемін» ұғымын білдіретін 1314 раушан гүлін, Димаштың атымен үй сыртын безендіруін, арнайы Қазақстаннан Димашқа тамақ әкеп бергендерін атап өтпеуге болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: