Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған тағы бір үй пайдалануға берілді

IMG_2680

Ақтөбеде Қазақстан халқының бірлігі күні 115 жас отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мәдениет, білім, денсаулық саласында еңбек ететін оларға баспана кілттерін салтанатты жағдайда облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат депутаты Сәния Қалдығұлова мен қала әкімі Ілияс Испанов тарту етті.

«Мемлекет басшысы жас отбасыларға, еңбек жастарына жағдай жасауды әрдайым назарда ұстап келеді. Кез келген елдің болашағы тұрақтылық пен бірлікте. Бүгін пәтерді жас отбасылар иеленеді. Олар мұнда тек коммуналдық қызметтерді ғана төлейді. Сіздер туған елдің көркеюі үшін тек сөзбен ғана емес, іспен де үлес қосуларың керек. Бұл біздің азаматтық борышымыз», — деді облыс әкімі.

IMG_2537

Жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метр болатын үй 115 бір және екі бөлмелі пәтерлерден тұрады.

«Бүгін біз үшін үлкен мереке. Таяуда ғана отбасын құрған едік. Елбасы мен облыс басшысына жас отбасыларды қолдағандары үшін алғыс айтқым келеді», — дейді баспаналы болғандардың бірі Әсел Әлібиқызы.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында республика бойынша алғашқы үй Ақтөбеде пайдалануға берілген болатын.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

 

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: